386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда Құрбан айт мерекесінде ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті

  • 166
Петропавлда Құрбан айт мерекесінде ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті

Мұқым мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесін петропавлдықтар да қуана қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Береке-бірліктің бастауына айналған ұлық мейрамға орай, қалалық «Қызылжар» мешіті маңында ақшаңқай киіз үйлер тігілді. Осылайша келген жұртшылыққа дастархан жайылып ас берілді. Мұнымен қоса, ұлттық ойындарымыз да ұлықталды. Нақтырақ айтсақ, жұртшылық асық ату, «кір тасын көтеру», арқан тарту және қазақ күресі сынды жарыстарға қатысып, өз бақтарын сыналы. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Қасымхан Исаев, қалалық «Қызылжар» мешітінің бас имамы:

– Пайғамбарымыз айтқандай, құрбандарыңызды бір бөлігін өздеріңізге алып қалыңыздар, бір бөлігін қонақ шақырып құрмет қылыңыздар. Және бір бөлігін мұқтаждарға да үлестіріп беріңіздер дейді. Міне сол сияқты қазіргі уақытта халық осы үштен бір бөлігін үлестіріп жатқан жағдай бар. Олар да қазір мешітке әкеліп беріп жатыр. Бізде халықты жинап мұқтаж жандар, әсіресе көп балалы отбасылар бар тұрмысы төмендері бар. Арнайы соларды шақырып, құрбан етінен де үлестіреміз.

Хабар 24 телеарнасы