386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылыту маусымында қостанайлықтарға 500 мың тонна көмір қажет

  • 143
Жылыту маусымында қостанайлықтарға 500 мың тонна көмір қажет

Қостанай облысында көмірдің бағасы былтырғы деңгейде қалады.

Бұл ретте бірқатар ірі жеткізушілермен меморандумдар жасалды. Қатты отынның орташа бағасы тоннасына 12 жарым мың теңге болады. Алдағы жылыту маусымында қостанайлықтарға 500 мыңдай тонна көмір қажет. Бүгінде оның жартысы қоймаларға жеткізілген. Ең әуелі қатты отынмен бюджеттік мекемелер мен темір жол тұйықтары қамтамасыз етілмек.

Александр Крыжан, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Халық тұйықтарға келіп, сапасы мен түріне қарай көмірді тұтына алады. Жеткізу мәселесінде ешқандай кедергілер жоқ. Қажетті көлемдегі вагондар саны жеткілікті. Негізінен көмір бізге Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы