386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

  • 142
Жамбыл облысында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында биылғы оқу жылында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының арқасында өңірде бір апатты жағдайдағы, бір үш ауысымды және үш орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешілмек. Сонымен қатар 7 білім ошағы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Алайда оның төртеуінде құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталмайын деп тұр. Оған мемлекеттік сатып алудың кеш өткізілуі себеп болған. Бірақ облыстық білім басқармасының басшысы бұл оқу үдерісіне еш кедергі келтірмейтінін айтып отыр. Айта кету керек, биыл аймақта бірінші сыныпқа 28 мыңнан астам бала барады деп күтіліп отыр. Қазір қажетті оқулықтар шетінен жеткізілуде. Ал жалпы облыс бойынша білім саласына 110 миллиард теңге бөлінген. Биыл ұстаздар жалақысының өсуіне байланысты бұл қаражаттың 80 проценті мұғалімдердің айлығына жұмсалмақ.

Рахия Тұрмаханбетова, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Оқу процесіне ешқандай кедергі келмейді. Өйткені бұл көптен күткен күрделі жөндеу. Оқу процесі жалғаса береді. Арасы бір шақырым, екі шақырым жерлерге жаяу барып, болмаса тасымалдау ұйымдастырылатын болады. Бірде-бір бала оқудан шет қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы