386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 170 жанұя баспанаға ие болмақ

  • 129
  • UPD: 07:46, 12.08.2019
Оралда «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 170 жанұя баспанаға ие болмақ

Орал қаласында биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 170 жанұя баспанаға ие болмақ.

Оның 80-і көп балалы отбасы болса, қалғаны толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұялар. Бағдарламаға қатысушылар пәтер кезегінде тұрғандар арасынан анықталады. Облыс орталығында 13 санат бойынша 19 мың адам баспанаға мұқтаж жандар ретінде тіркелген. Дәл қазір қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі кезекке сәйкес жолдама беруде. Сол бойынша тұрғындар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» барып, төлем қабілетін дәлелдеуі тиіс. Одан соң 10 миллион теңгеге дейінгі тұрғын үйді 2% несиеге ала алады. Күні бүгін шаһарда 13 азамат банктің мақұлдауынан өтіп, баспана іздеуге кірісіп кеткен.

Қанат Өмірәлиев, қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Кезексіз жолдама бере алмаймыз. Біз мүмкіндік береміз. Ол кісі жолдама алады, ол кісі банкке барады. Егер банктің ережесіне сай өтпей қалған жағдайда ол кісі кезектен шығарылмайды. Кейінгі тұрған кісіге жолдама береміз кезек тәртібін бұзбай.

Хабар 24 телеарнасы