386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның шалғай ауылдарында 300-ге жуық адам баспаналы болады

  • 104
  • UPD: 09:24, 12.08.2019

Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жиырмадан астам көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Тұрғындарды баспанамен қамту ісі шалғай ауылдарда да қолға алынған. Мысалы, жыл соңына қарай өңірде үш жүзге тарта ауыл тұрғыны жаңа үйлерде қоныс тойларын тойламақ.  

Гүлшат Таңқыбаева Жалпақтал ауылының байырғы тұрғыны. 25 жыл бойы пәтер жалдап жүрген жалғыз басты ана жақында жайлы пәтерге ие болыпты. «Көптен күткен арманым орындалды. Баспанам жылы. Аздаған кем-кетігін мердігер мекеме жөндеп беретін болды» дейді ол. 

Гүлшат Таңқыбаева, Жалпақтал ауылының тұрғыны:

- Су, газ бәрі де бар, ішінде туалет-ваннасы бәрі де 2 комнатты үйім бар. Кішкене аумалы-төкпелі заман болған уақытта үйді салғаннан кейін очередпен үйімді алдым. Өте қуаныштымын. Өзімде басымда басапанам бар, жұмысым бар, техничка болып істеймін қазақ мектебінде. 3 балам бар. Жолдасым жоқ. 

Болашақта бұл жерде бірнеше баспана салу көзделіп отыр. Бірқатар қызмет көрсету орындары мен әлеуметтік нысандар салынады. Сөйтіп, шалғай ауылда жаңа шағынаудан бой көтермек. Қазір Қазталов ауданы бойынша 300-ге тарта тұрғын баспана кезегінде тұр. 2 қабатты 12 пәтерлік мына үйді қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Сәкен Сейфуллин, құрылыс учаскесінің басшысы:

- Бұл енді көпбалалы отбасыларға деп отыр, сосын кезекте тұрған адамдарға деп есептеліп отыр аудан тұрғындарына. 70 пайыз өз фирмамыздың жұмысшылары, 30 пайыз осы жергілікті тұрғындаран алып отырмыз.  

Абзал Елтаев, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Күні бүгінге аудан бойынша Қазталов және Жалпақтал ауылдарында 12 пәтерлі 2 қабатты 2 үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 21 май басталды. Құрылыс жұмыстарының мерзімі 5 ай. Тапсырылу мерзімі 5 қазан. Күні бүгінге екінші қабат жұмыстары аяқталу қарсаңында. Жалпы құны 112 миллион құрап отыр. Бір пәтердің жалпы ауданы 63,54 шаршы метрді құрап отыр. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыста 21 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде 434 пәтерлік 119 баспана алыс ауылдарда салынады. Орал қаласы мен 5 ауданда инженерлік желілерді тарту жұмыстарына 3 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. Жыл соңына дейін аймақта 450 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарда. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы