386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда Құрбан айтқа орай ұлттық ойындар сайысы өтті

  • 102
  • UPD: 09:31, 12.08.2019
Көкшетауда Құрбан айтқа орай ұлттық ойындар сайысы өтті

Көкшетауда Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық ойындардан сайыс өтті.

Қала іргесіндегі «Құлагер» атшабарында ұйымдастырылған шарада облыстың түкпір-түкпірінен жиналған шабандоздар көкпар тартып, 12 шақырымдық бәйгеге қатысты. Ал, дүбірлі доданы тамашалауға келген халықтың қарасы қалың. Себебі, Құрбан айт мерекесі әдеттегідей мешіт жанында емес, осындай аймақтық деңгейдегі ауқымды көлемде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ат жарыстан бөлек, қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар да өткізілді. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, ойындар арасында халыққа арнайы концерт ұйымдастырылып, соңынан ас берілді.

Қуаныш Сәбит, ҚМДБ Ақмола облысы бойынша өкіл имамы:

- Соңғы жылдары мынау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен осындай ораза айттарында, құрбан айттарында мынау дініміздің спорттық түрлері кеңінен насихатталып жатыр және де облысымыздағы аудандық мешіттерде, қалалық мешіттерде осындай шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр».

Қанат Ахметов, зейнеткер:

- Елбасымыз «Рухани жаңғыру» деп бізге жолдама жолдады. Ондағы мақсаты, ол кісі сонда айтып кеткен, мынау ата-бабадан келе жатқан дәстүр мына біздің қанымызда бүлкілдеп жатыр. Соны ояту керек. Соны тірілту керек. Енді осы жанданып жатса, ол, нұр үстіне нұр ғой. Сондықтан мен ойлаймын жастарым бар, қазағым бар, сендер осы ұлттық спортпен айналысыңдар. Осыдан тәрбие алыңдар.

Хабар 24 телеарнасы