384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды

  • 1344
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды vklady-investicii

2019 жылғы шілдеде Қазақстанда жұмыссыз жүрген 440,9 мың адам тіркелген, бұл жұмыс күші санының 4,8%-ын құрайды (маусымда 4,8%).

Мұндай деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресми дерек бойынша, осы жылдың шілде айының соңында ҚР жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 172,7 мың адам немесе елдің экономикалық белсенді халық санының 1,9%-ы ресми түрде тіркелген.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың сәуір-маусымында жұмыс күші санының 0,3 пайызына (30,4 мың адам) тең болды. Осы жылдың шілдесінде республиканың экономикасында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Еңбекке тартылған халықтың арасында 6,7 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1 пайызы) жалдамалы еңбек етеді.

Хабар 24 телеарнасы