386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрікменстанда Халықаралық Каспий көрмесі өтті

  • 108
  • UPD: 13:12, 12.08.2019

Қазақстанда жасалған рельстерге Түрікменстан елі қызығушылық танытып отыр. Көрші ел отандық теміржол өнімдерін сатып алуға ниетті.

Бұл туралы қос тарап Түрікмен мемлекетінде өткен Халықаралық Каспий көрмесінде уағдаласты. 

Қазір кім тиімді ұсыныс жасаса, пайдасын көріп, кәсіпті дөңгелететін заман. Осындай оймен заманның көшіне ілесу үшін түрікмендер Халықаралық Каспий көрмесін ұйымдастырған. Қарт теңізбен шектесетін мемлекеттер мен әріптестік орнатқан басқа да елдерді шақырды. Әлеуеті мығым өндіріс ошақтарымен таныссын, байланыс орнатсын, әйтеуір өзара тиімді уағдаластыққа қол жеткізсін деген ниет. Тіпті ол үшін шығыс қонақжайлығын көрсетуге тырысып жатыр.

- Наша национальная выпечка – пишме.

– Пишме? Интересно. Мини-бауырсақ.

Негізі Түрікменстанда қауынның 400 астам түрі өсіріледі. 

Көршіміздің жиналған жұртқа көрсетері көп екен. Қонақтар Түрікместаннан ерекше әсер қалу үшін құлтемір балықтарға жүзуді үйретіп, енді бір роботтарды билетіп қойды. 

Көрмеге спорткар қойылды... 

Ламборджини 

- В Туркменистане производят?

– Нет, не в Туркменистане. В Италии. Это очень редкая модель. 

Ретро көліктерді де әкеліп қойды. Қысқасы, Түрікменстан құдды бір өзі өндіретіндей, темір тұлпардың небір қымбат түрлерін паш етті.

Крайслер 

- Нравится?

– Нравится. Очень. Молодцы.

– По-моему американская модель.

– Наверное. Я не разбираюсь в этих машинах. 

Бүгінде Қазақстан мен Түрікменстан - бір-бірінің жоғын түгендей алатын экономикалық серіктес. Көбіне біз өндіруші, ал көрші ел тұтынушы. Ортадағы сауда айналымы 99 млн АҚШ доллары. Соның 86 млн америкалық ақшасына тауар сатып үлгеріппіз. Негізінен ұн мен бидай экспорттап отырмыз. Түрікмендер қазақтың теміржол рельстеріне де зәру. 

Дмитрий Лоскутов, Ақтөбе рельс-Арқалық зауытының департамент бастығы:

- Жыл сайын Түрікменстанға 13 мың тонна теміржол қажет. Қазақстандық рельстерді осы елге экспорттау үшін екі жақ бірдей мүдделі. Біздің өнім бәсекеге қабілетті. Тың технология бойынша жасалады. Олардың мықты шығатыны сондықтан. Әрі логистика жағынан өте тиімді. Енді түрікмендер алыстан арқалағанша жақыннан дорбаламақ.

Сердар Геленов, «Түрікменстан темір жолдары» компаниясының бас маманы:

- Қазір біз қазақстандық әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жақын арада рельс шығаратын зауытқа барып, онда өндірілетін өніммен етене таныспақпыз. Сол кезде қос тараптың басшылары бір пайымға келіп, келісімге қол қояды деген үміттемін. 

Халықаралық Каспий көрмесіне экономикалық серіктес іздеп Қазақстаннан 14 компания келіп отыр. Көлік, аэроғарыш, фармацевтика һәм электротехникалық өнеркәсіп салаларындағы өндіріс ошақтары бұлар. Бүгінгі күннің нәтижесі жаман емес. Қазір отандық кәсіпкерлермен қоян-қолтық жұмыс істеу үшін бірнеше түрікмен бизнесмендері алақандарын ысқылап дайын отыр. 

Нұралы Бөкейханов, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары:

- Алдын ала келісімдер бар. Бүгінгі көрменің нәтижесінде біздің жоспар бойынша бірнеше келісімге қол қойылуы мүмкін. Ол ең бастысы, көліктер, автобустар. Екіншісінде, рельс. Өйткені Түрікменстан өз теміржолдарын дамытуда. Және трансформаторлар. 

Жасын Біркенов, тілші:

- Былтыр мұнайлы Маңғыстаудың орталығында Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары тарихи құжат қабылдап, 20 жылдан астам уақыт бойы шешімін таппаған Қарт Каспийдің құқықтық мәртебесін бекітті. Енді саяси-экономикалық мүдделер тоғысқан су алабының экономикалық әлеуетін пайдалану қажет. Ол үшін ертең біз тұрған Аваза демалыс аймағында алғашқы Каспий экономикалық форумы өтеді.

Авторлары: Ж.Біркенов, А.Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы