385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде Құрбан айт мерекесі ауқымды көлемде тойланды

  • 109
  • UPD: 13:51, 12.08.2019
Ақтөбеде Құрбан айт мерекесі ауқымды көлемде тойланды

Қасиетті Құрбан айт мерекесі – Ақтөбеде де кең көлемде тойланды. Айт намазына жиналған қалың жамағат бір-бірін құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

Бұл күні өңірдегі барлық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, салт-дәстүріміз кеңінен дәріптелді. Ұлттық ойын түрлері: қазақ күресі, арқан тарту, асық ату және тоғыз құмалақтан жарыс өткізілді. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылды. Көп балалы жалғыз басты анаға баспана алып беру үшін алғашқы жарнасы жинақталды. Ал «мектепке жол» акциясы аясында 100 балаға оқу құралдары табыс етілді. Мереке күндері өңір бойынша жалпы саны 500-ден астам оқушыға көмек көрсету жоспарланған. Бұдан бөлек Алматыдағы «Нұр-Мүбәрак» университетінде оқитын бес ақтөбелік студенттің бір жылдық оқу ақысы төленді.

Әлімбек Туралиев, облыстық дін істері басқармасының басшысы:

- Оқу ақысы 5 балаға 480 мыңнан екі млн шамасында бір жылдық оқу ақысын төлеп жатырық. Бұл яғни,  осы балаларды қолдау сонымен қатар Ақтөбе облысын діни мамандармен қамту мақсатында өткізіліп жатыр. Ал «Мектепке жол» акциясы бұл мешіттің жамағатының қаржысынан беріледі. Бұл шаралар, яғни «Мектепке жол» акциясы да, қайырымдылық шаралары да жыл сайын өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы