384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан шыққан «Денсаулық» пойызы Қарағанды облысына жетті

  • 222
  • UPD: 14:25, 12.08.2019
Алматыдан шыққан «Денсаулық» пойызы Қарағанды облысына жетті

Алматы қаласынан шалғай ауылдарға жол тартқан «Денсаулық» поезы Қарағанды облысына келіп жетті.

Отарба өңірдегі 9 станцияға аялдап, кейін Қызылорда облысын бетке алмақ. Маммолог, окулист, терапевт секілді жоғары және бірінші санатты дәрігерлер санаулы күнде 800-ден астам тұрғынға тегін медициналық қызмет көрсетті. Олардың 200-ге жуығы балалар. Отарбаның 4 вагоны заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жалпы «Денсаулық» поезы желтоқсан айының соңына дейін еліміздегі 195 елді мекенге барып, 60 мың адамға дәрігерлік көмек көрсетуді жоспарлап отыр. 

Тұрсынай Бекмурзина, жеңіс ауылының тұрғыны:

- «Денсаулық» поезын жіберіп, халықтың жағдайын жасап жатқанына көп рахмет. Әсіресе мына дәрігер балалардың осындай кәрі, жасы келген аналарды, балаларды тексеріп жатқанына көп-көп рақмет. Дендері сау болсын, өмірлері ұзақ болсын. Мен окулистке тексерілдім, бәрі 5 екен. Енді қазір анализ тапсыруға барамын.

Хабар 24 телеарнасы