386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы мешіттер жұртты қайырымдылық жасауға шақырды

  • 111
  • UPD: 14:35, 12.08.2019
Павлодар облысындағы мешіттер жұртты қайырымдылық жасауға шақырды

Ертіс өңірінің мешіттері Құрбан Айт мерекесі аясында барша жұртты қайырымдылыққа шақырды. Мейрам Павлодардағы орталық саябақта кеңінен тойланды.

Бұл күні кәсіпкерлер қауымы қала тұрғындары үшін тосын сый жасады. Мерекеге орай халық көптеп жиналатын демалыс орнындағы аттракциондар балалар үшін 50 проценттік жеңілдікпен жұмыс істеді. Кей кәсіпкерлер ойын-сауық қызметтерін тегін ұсынды. Бұл соңғы жылдары игі дәстүрге айналып барады. Ал мешіт өкілдері шаһар тұрғындары үшін концерттік бағдарлама әзірлеп, жұртшылықты жақсылық пен ізгілікке шақырды. Осы күні жас спортшылар да назардан тыс қалмады. Саябақта қазақ күресінен шағын турнирлер де ұйымдастырылды. Айта кетейік, алдағы бірнеше күннің ішінде қайырымдылық жәрмеңкелері мен концерттер өңірдің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылады.

Дәуіт Жарқынбаев,  қала тұрғыны:

- Аттракциондардың бәрі тегін екен. Соған қуаныштымыз. Неге десеңіздер, балаларымыз, немерелеріміз өте қуанышты. Рақмет барлықтарыңызға. 

Жолдас Қоспақұлы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстағы өкіл имамы:

- Бұл жердегі мақсат - мына ажстарымызды дұрыс жолға бастау. Халыққа көрсету, яғни бұл мейрам бәрімізді жақсылыққа шақырады, жамандықтан қайтарады. Сондықтан біздер міне Қазақстанда көп ұлттар, көп конфессиялы мемлекет болған соң, ұлтаралық, дінаралық келісім болатын болса, еліміз бейбіт және дәрежеміз жоғары болады.

Хабар 24 телеарнасы