385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Созақ ауданының бағбандары өсірген қарбыз салмағы 15 келіден асып түседі

  • 205
  • UPD: 14:56, 12.08.2019

Созақ ауданының бағбандары 15 келіден асатын қарбызды егіс алқабынан жинап алуда.

Ендігі жерде бұл Теріскейдің бақша өнімдері Ресейге экспортталады. Яғни биылдан бастап шаруалар қауын-қарбызын шетелге саудаламақ. Созақ ауылындағы жер емген диқандар биыл жалпы 107 гектар аумаққа бақша өнімдерін отырғызыпты. Оның 40 гектарына қауын егілсе, 66 гектардан астам жерге қарбыз көшеті отырғызылған. Мәселен, аудандағы 3 шаруа қожалығы бірігіп, биыл 600 тоннадан астам өнімді экспортқа шығармақ. Ал өткен жылы бір ғана серіктестік 10 гектар жерінен 250 тонна өнім алып, оны азғантай көлемде шетелге жіберіп көріпті. «Тапқан табыс та көл-көсір болған еді» дейді шаруалар.

Айта кетейік, Созақ ауданының табиғаты оңтүстікте орын тепкенімен ерекше. Қысы қатал аймақта негізінен тұрғындар мал шаруашылығымен айналысады. Түйе бағып, оның сүтін өндіреді. Ал бау-бақша ұстап, одан өнім алып экспорттау ауданға бағбандарына жаңалық болып отыр.

Батырхан Аяпов, Созақ ауылы округінің әкімі: 

- Мына 3 шаруақожалық бірігіп, 600 тоннадан аса өнімді экспортқа шығарамыз деп отырмыз. Ендігі 2020 жылға тағы 3 шаруа қожалығы қосылайын деп жатыр. Қарбызды экспортқа шығарып, жақсы көрсеткіштерге жетіп жатырмыз. Негізінен Ресейге барады. Сосын өзіміздің Қазақстанның ішіне, солтүстік өңірлерге барып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы