386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары аяқталды

  • 313
  • UPD: 15:27, 12.08.2019

Арыста бүгінге дейін 150 мыңнан аса жарылғыш заттардың қалдығы табылды. Осылайша саперлар қаланы тазарту жұмыстарын толық аяқтап, енді қойма маңын тексеруге кірісті.

Сонымен қатар әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның барысымен қорғаныс министрі танысты. Нұрлан Ермекбаев жергілікті халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші деңгейдегі маңызды міндет екенін ескертіп, нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, қазір Арыста оқдәрі табылатын жерге шұғыл жететін мобильді топ құрылған. Сондықтан күдікті заттар анықталған жағдайда осы мамандарға хабарлауды және өз бетінше ешқандай іс-әрекет жасамауды ескертеді министрлік өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы