386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік тегін таратылуда

  • 124
Ақтауда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік тегін таратылуда

Маңғыстаулық жамағат көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлікті тегін таратып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтаудағы орталық мешітте 600-дей жағдайы нашар жанұя тізімде тұр. Жексенбіден бастап барлығы да мешітке шақырылған. Өз аяғымен келе алмайтындарға ет пен өзге де керек-жарағы апарып беріледі. Мешіттің іргесіндегі қасапханада тәулігіне 30-дай түйе мен сиыр, 200-ге тарта қой сойылады. Олардың бір бөлігі материалдық көмекке мұқтаж жандарға тізім бойынша беріліп келеді. Айт күндері кәсіпкерлер дәстүрге сай қайырымдылық жәрмеңкесін де өткізеді. Мұнда бірінші кезекте тұтынылатын тағамдар мен жеміс-жидектер халыққа тегін ұсынылады.

Күләш Тілекбаева, қала тұрғыны:

– Әйтеуір жылда мерекеден қалдырмайды. Асыраушысынан айырылған отбасы едік. Алла қабыл етсін. Осы жердені имам, наиб-имамдар қолымызды қайтармайды. Келсек, тамағымызды беріп жібереді.

Асқар Ахлиддин, орталық мешіттің наиб-имамы:

– Тізімде 500-600 жуық жағдайы төмен отбасы бар. Оның ішінде бала-шағасы көп отбасылар да бар. Яғни жағдайы өте нашар. Оларды біз тізіммен қоңырау шалып шақыртамыз. Бүгінгі күні, бірінші, екінші және үшінші айт күндері құрбандыққа шалынған мал етін таратамыз.

Хабар 24 телеарнасы