386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста 6924 үй қайта қалпына келтірілді

  • 140
  • UPD: 19:19, 12.08.2019
Арыста 6924 үй қайта қалпына келтірілді

Арыс қаласында 6924 баспана қалпына келтірілді.

Оның ішінде 28 көп қабатты тұрғын үйде негізгі жұмыстар толығымен аяқталды дейді еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары. Қайырбек Өскенбаев журналистермен кездесуінде жүздеген тұрғын зақым келген үйлерін кезінде уақытылы заңдастырмағандықтан, құжаттарға байланысты қиындықтар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қысқа мерзімде осындай азаматтарға көмектесу туралы шешім қабылданған. Қазір 600 ден астам үйге уақытша техникалық паспорттар беріліпті. Тұрғын үй қоры нысандарын салу мен жөндеуге барлығы 6,5 мың құрылысшы жұмылдырылған. Ал 59 әлеуметтік нысанда 2 мыңға жуық жұмысшы еңбек етіп жатыр. Қазір Арыс қаласында қайта қалпына келтіру шаралары 3 бағытта жүзеге асуда. Оның біріншісі баспаналарды ретке келтіру, екіншісі әлеуметтік нысандар, ал үшінші кезекте кәсіпкерлік нысандарының ғимараттарын жөндеуден өткізу. Қазіргі таңда 1,8 мың үйде әрлеу жұмыстары жүргізіліп, 400-ден астам тұрғын үй қайта тұрғызылуда. Халыққа бір реттік өтемақы төлеу осы аптаның ортасында басталады. Халыққа берілетін 100 мың теңгені Арыс қаласының және қала маңындағы тіркеуде тұрған елді мекен тұрғындары алатын болады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары:

– 8634 бар. Оның ішінде жөндеу жұмысына тіркелген 7197 үй бар. 433 үйді толықтай қалпына келтіру керекпіз. Сол себепті жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Қарағанды облысы өз секторында толықтай жұмысты бітті деп санауға болады. Осы аптада біраз секторлар аймақтар жөндеу жұмыстарын толықтай бітірейін деп жатыр. Бірен-саран қалатыны енді жаңадан басталатын құрылыстар, ал қалғандар жөндеу жұмыстары толық біте ме деп санап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы