387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда сауда орталығында өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды

  • 248
Ақтауда сауда орталығында өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды

Ақтауда алғаш рет сауда орталығында өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан былай қала тұрғындары 11-шағын аудандағы ғимаратқа келіп, өзіне қажетті анықтамаларды қолма-қол шығарып алатын болды. Яғни осы үшін енді облыстық халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Мұнда бекітілген маман электронды кілті бар кез келген азаматқа қызмет көрсетуге дайын. Болмаса өз бетімен электронды үкімет порталы және еgov мобильді қосымшасы арқылы берілетін ақпарды алуға болады. Қазір жауапты мамандар қаладағы басқа да орталықтардың иелерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.  

Айдос Ералиев, қала тұрғыны:

– Жақын арадан келіп өткізген өте ыңғайлы екен. Маған бүгінге керегі – мекенжай анықтамасы, Өте ыңғайлы жақсы екен.

Ақмарал Абдуллаева, аймақтық ХҚКО басқарма басшысы:

– Бұл жерде көбіне халыққа керегі – мекенжай анықтамасы, соттылығы бар немесе жоқ, нарко-психодиспансердің анықтамаларын алуға болады. Немесе мобильді үкімет базасына тіркелу арқылы 60-қа жуық қызмет түрлерін алу мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта осындай өзіне өзі қызмет көрсету секторларын басқа да ірі сауда орталықтарда ашу жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы