387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі күнге созылған Көк-Төбедегі өрт сөндірілді

  • 172
  • UPD: 20:40, 12.08.2019
Екі күнге созылған Көк-Төбедегі өрт сөндірілді

Көктөбенің бөктеріндегі өрт те екі күнге созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар таулы аумақтағы отты ондаған техника, тіпті тікұшақ шығарып, әупірімдеп сөндірді. Өрттің беті қайтқанмен, осы тілсіз жау бір адамның өмірін қиған.

Кешелі бері Көктөбенің басын көк түтін тұмшалады. Тілсіз жаумен күресті үздіксіз жүргізген өрт сөндірушілер мен төтеншеліктер оқыс оқиғаға әрдайым дайын екендіктерін танытып, табиғи апатқа тосқауыл қойды. Таудағы іс-қимыл қиынға соққан соң өртті сөндіруге тікұшақтар әуеге көтерілді. Жалын шарпыған аумақты құтқару әрекеті 5 сағаттан артық уақытқа созылды. Бірақ бір жерде өшкен өрт келесі бір жерде қайда лаулады. Кешкі сағат 20.15-те өрт сөндірушілер Көктөбеге қайта көтерілді.

Ерлан Әлібеков, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

– Сағат түнгі 12-де өрт толығымен сөндірілді. Төменде тұратын жекеменшік тұрғын үйлерге ешқандай қауіп жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.

Жалпы жалын шарпыған жер аумағы 10 гектардан асады. Кеше өрт болған жерде адам мәйіті табылды. Қатты күйгендіктен, оның тұр-тұлғасын анықтау мүмкін емес. Ол адамның жеке басын анықтау үшін қазіргі таңда генетикалық және геномдық сараптамалар тағайындалды.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Негізі арнайы құрылған тергеу тобының қызметкерлері барлық болжамдарды жоққаа шығармайды. Оның ішінде криминалдық тұрғыдан болуы мүмкін деген болжам да міндетті түрде есепке алынады және жіті тексеріледі.

Ал бүгін түстен кейін тауда қайта тұтанған өрт көп ұзамай сөндірілді. Қалалық төтенше жағдай департаментінің өкілдері оқиғаның себеп-салдарын сараптап, анықтауда.

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы