387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда «Мектепке жол акциясы» аясында 1500 оқушыға көмек көрсетілді

  • 204
  • UPD: 09:27, 13.08.2019

«Мектепке жол акциясы» шеңберінде Павлодарда 1,5 мың оқушыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалыптасқан дәстүрге сай мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылып жатыр. Қайырымдылық акциядан көмекке зәру бірде-бір бала шет қалмайды. Кеңсе тауарлары, сөмке, мектеп формасы, спорттық үлгідегі киімдер және аяқ киімге тапсырысты ата-аналар немесе балалардың қамқоршылары бере алады. Бүгінгі таңда демеушілердің көмегімен 2 миллион теңгенің тауары таратылған. Бұл іске облыс орталығындағы ірі сауда үйлері, іскер азаматтар, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары белсенділік танытып жатыр. Қалалық білім беру бөлімінің мамандары әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырады. 1 маусымнан бастау алған «Мектепке жол» акциясы тамыздың 30-ына дейін жалғасады.

Нұрия Қарағаева, қамқоршы:

- Мына кішкентай немеремнің әжесімін, қамқоршымын. Міне, қызым 4-ші сыныпта, №41 мектепте оқиды. Бүгін мына акция болып, Үкіметіміз көмек жасап, осындай жетім, көпбалалы отбасыларға көмек жасап отыр. Сондықтан біз қуанып, келіп, жақсы киім-кешек мен құрал-жабдықтарды мектепке дайындап алып отырмыз. Мына қызыма осы мектепте тамағы тегін беріледі. Жол тегін. Сондықтан да осындай жақсылықтарға қуанып, көп-көп рахметімізді айтамыз.

Қобыланбек Қожин, қалалық мәслихаттың депутаты:

- Кейбір жанұялардың уақытша мүмкіндігі болмауы мүмкін. Көпбалалы аналар жұмыссыз қалып, сондай жанұяларды өз округтарымыздан қарастырып, акцияға көмек сұрап келген ата-аналарға көмек берудеміз. Солардың барлығының бүгін бастарын қосып, осы жерде сертификаттар беріп, канцелярияға, киім-кешекке осындай жолды көрсетіп отырмыз. Басқа да кәсіпкерлерге, басқа да еліміздің жанашыр азаматтарына рахмет айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы