387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде көше саудасын дамытуға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр

  • 143
  • UPD: 09:51, 13.08.2019
Ақтөбеде көше саудасын дамытуға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр

Соңғы екі жылда бұл мақсатқа 51 жер учаскесі бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде орталық даңғылдардың бойы мен қоғамдық орындар және саябақтарда павильондар желісі пайда болды. Онда негізінен жергілікті өнімдер сатылуда. Атап айтқанда, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек тұтынушыларға ешқандай делдалсыз ұсынылып жатыр. Тіпті нарықтағы сұранысқа орай қызмет түрлерін көрсетіп жатқандары да бар. Шарт бойынша кәсіпкер жер учаскесін 7 жылға дейін жалға алады. Ал дүңгіршекті өзі жасақтайды. Бұл шағын және орта бизнесті қолдау арқылы отандық өндірісті өркендетуге бағытталған жоба. Қазірдің өзінде алты жер учаскесіне өтініш қабылдау жүріп жатыр.

Александра Қалдығұлова, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ менеджері:

- Бұл кәсіпкерлер үшін өте қолайлы. Өйткені олар аукциондардан өзге өз жобаларын комиссия арқылы қорғай алады. Ал жер учаскесі жалға берілгенімен, оның құны да аса қымбат емес. Мәселен, бір шаршы метр аумақ үшін кәсіпкер жылына 17 мың теңге төлейді. Қазірдің өзінде, жобаға қатысуға аудандардан да тілек білдірушілер көп. Оларда өз өнімдерін қалада сатқысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы