386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 7 ай ішінде 55 мыңнан астам пәтер салынды

  • 109
Қазақстанда 7 ай ішінде 55 мыңнан астам пәтер салынды turkystan.kz

2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2018 жылдың осы кезеңін алғанда 96,3% құрайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«Республика бойынша барлығы 55 849 бірлік тұрғын үй тапсырылды (оның ішінде – 24 013 жеке үй). Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 7 өңірде жалғасуда. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%), Қостанай (118,6%) облыстары болып табылады. Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Маңғыстау облысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады», – делінген министрліктің хабарламасында.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 111,5% құрады. Жағымды динамика 8 өңірде байқалады. Көшбасшы Қызылорда (275,5%), Қарағанды (193,6%), Атырау (129%) облыстары болып табылады.

Көрсеткіштің төмендеуі Маңғыстау облысында (-30,4%) және Нұр-Сұлтан (-12,5%) және Шымкент (-34,4%) қалаларында байқалады.

Хабар 24 телеарнасы