386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин: Барлық мектеп 1 қыркүйекке дайын болуы керек

  • 123
  • UPD: 13:26, 13.08.2019
Асқар Мамин: Барлық мектеп 1 қыркүйекке дайын болуы керек

Ел мектептерінің 85%-і ғана жаңа оқу жылына дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқулықтардың көбі шалғайдағы өңірлерге әлі жеткізілмеген. Оқушыларды тасымалдайтын автобустар да тапшы. Үкімет басшысы Асқар Мамин салаға жауапты мамандардың жұмысын осылай сынап тастады. Премьер-министр күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді биыл 1 қыркүйектен қалдырмай қолданысқа беруді тапсырды. Одан бөлек, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды тегін тамақтандыру мәселесін де дереу шешу керектігін айтты.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- 1 қыркүйекке дейін аз уақыт қалды. Өздеріңіз көріп отырғандай, шешілуі тиіс шұғыл шаруалар бар. Барлық білім беру ұйымдарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Барлық мектептердің 85%-і ғана жаңа оқу жылын бастауға дайын. Әкімдерге қойылатын міндет – барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100% дайын болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы