386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мектеп бюджеті ресми сайттарда жарияланатын болады

  • 141
  • UPD: 17:49, 13.08.2019

Барлық мемлекеттік білім беру органдары бюджеттік шығындарын ресми сайттарында жариялайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметте өткен баспасөз маслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Мекеме бюджетіне қатысты ақпарат халыққа түсінікті тілде жазылуы тиіс. «Мұндай шаралар жемқорлықтың алдын алып, ашықтықты қамтамасыз етеді», - деді ведомство басшысы. Жаңа оқу жылына дайындық туралы айтқан министр электронды оқулықтар мәселесіне де тоқталды. Қандай оқулықпен оқитынын оқушы өзі таңдайды. Дегенмен әр баланың қолында бағдарламаның қағаз нұқасы, яғни баспадан шыққан кітап болуы керек. Ал оқулықтардың электронды нұсқасын арнайы сайттан QR-код арқылы жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары өздерінің сайттарында өздерінің бюджетін ашық жариялауы тиіс. Бірақ ол бюджетін жай ғана қоя салмай, оны барлық қоғамға түсінікті тілмен жазу керек. Бұл – бірінші. Екіншіден, штаттық кестесін жариялау керек болады. Үшіншіден, тарификация. Тарификация деген қай мұғалімде неше сағат бар, соны көрсетеді. Өйткені кейбір ұйымдарда штаттық кесте бойынша жұмыскерлер бар. Бірақ сол мектепте істеп жатқан адамдардың өздері ол адамның бар-жоғын білмейді. Соны біз жария ететін болсақ, онда барлық коллектив, жалпы ұжым кім істеп жатыр, кімде қандай сағаты бар екенін, кім қандай лауазымда жұмыс істеп жатқанын білетін болады.

Хабар 24 телеарнасы