386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кепілсіз несие алған қазақстандықтардың айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді

  • 121
  • UPD: 13:43, 13.08.2019
Кепілсіз несие алған қазақстандықтардың айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді

Кепілсіз несие алған отандастарымыздың айыппұлы мен өсімпұлы кешірілді.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, өсімпұлы бар қазақстандықтардың берешегін екінші деңгейлі банктер толықтай жойып үлгерген. Енді несиесін төлей алмай жүрген тұрмысы төмен отбасыларға 300 мың теңге беру мәселесі шешіліп жатыр. Мемлекет тарапынан берілетін қаражат осы айдың соңына дейін аударылмақ.

Ерболат досаев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

- Азаматтардың тізімдері бойынша берешек туралы ақпаратты жинау жұмысы жүргізілді. Ақы төлеуге тізім жасалды. Берешекті өтеу тамыздың соңына дейін аяқталады. Азаматтар банктер мен микроқаржылық ұйымдарға өтініш жасамайды. Берешекті өтеу жұмысын кредиторлар дербес жүргізеді. Содан кейін кредиторлар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді.

Хабар 24 телеарнасы