387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық 158 жас кәсіпкер қайтарымсыз грант жеңіп алды

  • 164
  • UPD: 14:00, 13.08.2019
Жамбылдық 158 жас кәсіпкер қайтарымсыз грант жеңіп алды

Өңірде «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 466 өтініш қабылданып, 158-і мақұлданды. Оның 8-і мүмкіндігі шектеулі жандар ұсынған жоба. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтады. Қазір келісімшарт жасау рәсімі жүріп жатыр. Егер мақұлданған жобалар іске асырылса, 400 адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жалпы бұл бағытта республикалық және жергілікті бюджеттен 324 миллион теңге қарастырылған. Барлық жобалардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізіледі.

Жандәулет Кенжебеков, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Грант беру кезінде комиссия мүшелері әрине, біріншіден, жобаның жаңашылдығына қарады. Екіншіден, өндірістік жобаларға, мынау өңірімізде дамыту қажет деген жобаларға баса назар аударды. Оның ішінде кәсіпкердің ол жобаны іске асыруға қабілеттілігі мүкіндігі ол жобаны түсініп отырғандығына назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы