386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да астық жинаудың жаңа рекорды орнатылды

  • 99
  • UPD: 17:40, 13.08.2019
СҚО-да астық жинаудың жаңа рекорды орнатылды

Солтүстік Қазақстан облысында астық жинаудың жаңа рекорды орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жамбыл ауданындағы шаруашылықтардың бірі гектарынан 70 центнерден өнім алды. «Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш», - дейді диқандар. Енді олар күздік бидайды себуге дайындалып жатыр. Қазір өңірде орақ науқанының қызған шағы. Биыл облыс бойынша 4 млн 200 мың гектар жерге дән сіңірілді. Оның 1 миллионы майлы дақыл. Осы жылы егін шаруашылығын әртараптандыру үшін «Солтүстік соясы» жобасы жүзеге асырылды. Шаруалар жиын-терімге қажетті жанармаймен толық қамтамасыз етілген.

Олег Адам, шаруашылық директоры:

Біз майлы дақылдардан соя, рапс, зығыр егеміз. Дәнді дақылдардан бидай мен арпа бар. Биылғы түсім өте жақсы. Гектарынан 50 центнер астық алдық. Ал бір алқаптан 71, 4 центнерден жиналды.

Хабар 24 телеарнасы