387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері 249 адам суға кетті

  • 151
Жыл басынан бері 249 адам суға кетті

Шомылу маусымы басталғалы 249 адамның ажалы судан келді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Суға түсу маусымы басталғалы 249 адам суға батып ажал құшты. Оның ішінде 84-і бала. Өткен аптаның өзінде 19 адам ажалын судан тапты, оның 5-і бала», – делінген ҚР ІІМ ТЖК-нің хабарламасында.

ТЖК-нің мәліметінше, адамдардың суға кетуінің негізгі үш себебі бар. Біріншіден, адамдардың шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуі. Екіншіден, балаларды үлкендердің қараусыз қалдыруы, үшінші себеп – адамдардың ішімдік ішіп суға түсуі.

«Көп жағдайда адамдар өздерінің суға жүзе білу шама-шарқына қарамайды және суға түсудің қарапайым ережелерін сақтамайды», – деп хабарлайды комитет.

Осы тұрғыда Төтенше жағдайлар комитеті азаматтардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Сонымен қатар ата-аналардан су жағасында балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы