386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында бие сүтін өңдейтін зауыт салынады

  • 90
  • UPD: 20:45, 13.08.2019
Алматы облысында бие сүтін өңдейтін зауыт салынады

Алдағы 10 жылда еліміздегі сүт өндірісі 6 млн тоннаға жетуі тиіс. 2027 жылға дейін 600-ден аса кәсіпорын салынады.

Биылдың өзінде Алматы облысында құны 530 млн теңге болатын бие сүтін өңдейтін зауыттың іргесі қаланады. Өндіріс орны бір тәулікте 21 тонна сүт және 6 тонна қымыз өндіреді. Іле ауданында бой көтеретін кәсіпорын 2020-сыншы жылы іске қосылады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 4 сүт-тауарлы ферма іске қосылса, келер жылы тағы 8-інің құрылысы басталады. Жобалардың жалпы құны 5 млрд 600 млн теңге. Олар жылына 11 500 тонна сүт өндіреді деген есеп бар.

Хабар 24 телеарнасы