385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында Орбұлақ шайқасы сахналанады

  • 95
  • UPD: 22:41, 13.08.2019

Биыл Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 585 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бүгінге  дейін соның 400 жуығы өткізілді. Енді қыркүйек айында бұл іс-шаралардың ең ауқымдысы ұйымдастырылмақ. Қазір «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары «Орбұлақ» шайқасын сахналауға дайындалып жатыр.  Көрініс  тарихи деректерге сүйене отырып қойылады. Бұл ұрыс кезінде жоңғардың 50 мың жауынгерін Салқам Жәңгірдің 800 сарбазы тоқтатқан екен. Артынша Жалаңтөс баһадүрдің қалың қолы көмекке келіп, жерді басқыншылардан азат етіпті. Алғаш рет оқпана қазылып, ерекше тактика қолданылған оқиға Панфилов ауданының аумағында өткен. Бірнеше жыл бұрын шайқас орнына белгі тас қойылып, облыс орталығында арнайы театрландарылған көрініс көрсетілген еді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы дәстүрлі шараға айналдыруды көздеп отыр.

Бағдат Науқанов, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі директорының орынбасары:

- Орбұлақ шайқасын ерекше өзгешелігімен өткіземіз деген ойдамыз. Тарихи деректерге сүйенсек, әртүрлі мылтықтарды қолданған болатын. Сол себепті де біз отшашуларды қолдана отырып, үлкен әсерде қалдыратын көрініс көрсетеміз деп отырмыз. Сонымен қатар, алаңда көрмелер ұлттық ойындар өткізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы