386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдық құрылысшылар Арыстағы 300 үйді жөндеп берді

  • 106
  • UPD: 23:13, 13.08.2019
Жамбылдық құрылысшылар Арыстағы 300 үйді жөндеп берді

Жамбылдық құрылысшылар Арыс қаласындағы 300 үйді жөндеп, пайдалануға беріп үлгірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген болса, Жамбыл облысына 3-ші сектордағы 11 көшеде орналасқан 312 жеке тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген.

Бүгінде облысқа тиесілі бөліністегі орналасқан 312 жеке тұрғын үйдің 2-уі қайта соғылып жатыр. Қалған 310 тұрғын үйдің 300-інде жөндеу жұмыстары аяқталып, 12 тұрғын үй бойынша қалпына келтіру шаралары атқарылуда.

3-сектор бойынша Жамбыл облысынан 4 құрылыс компаниясы, 10 технадзор оның 5-уі Түркістан облысы әкімдігі тарапынан және 500-ге жуық құрылысшы, 20 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұған дейін Арыс қаласының 423 баласы Жамбылдағы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалған. Қазіргі таңда арыстық 25 бала жазғы демалыстарын өңір лагерінде қызықты өткеруде.

Хабар 24 телеарнасы