386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында тарихи ескерткіштердегі эпиграфиялық мәтіндер зерттелді

  • 94
  • UPD: 09:11, 14.08.2019
Ақтөбе облысында тарихи ескерткіштердегі эпиграфиялық мәтіндер зерттелді

Ақтөбе облысындағы тарихи ескерткіштер мен көне қорымдардағы эпиграфиялық мәтіндер зерттелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институтының экспедициялық тобы өңірдің жеті ауданында болып, тасқа қашалған жазуларды оқыды. Зерттеу жұмыстары барысында ел қорғаған батырлар мен қалың қауымға үлгі болған тұлғалар және ишан, хазіреттердің басындағы өрнектер тіркелді. Жалпы ғалымдар 8 қорымның айналасынан мәтіндер таңбаланған 330-дан астам тас тапқан. Оны оқу барысында, жерленген адамның ру-тайпалары, тіпті кейбірінің қоғамдағы рөлі анықталыпты. Қобда аудандағы 14-15-ғасырлардан қалған Абат байтақ кесенесінің маңындағы 200-ден астам құлпытасқа, Қарғалы өзенің бойындағы 17-ғасырдың ескерткіші Қызылтамға, сондай-ақ, Мұғалжар ауданындағы Жұбановтар әулетінің қорымындағы көне жазбаларға аса мән берілген. Бұл жұмыстар «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» атты ғылыми бағдарлама аясында жүзеге асты. Негізгі мақсат – дүниежүзілік эпиграфиялық ескерткіштерді сақтау қорына елімізден бірер орынды анықтау. Ғалымдардың ендігі сапары өзге өңірде жалғаспақ.   

Бағдат Дүйсенов, Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері:

– 334 тас оқылды. Суретке түсірілді. Енді оны әрі қарай қорытып, іске асыратын жұмыстар бар. Жүйелеп, топтастыру деген сияқты. Бұл жердегі тастардың барлығы басқа облыстарға қарағанда көіне архитектуралық жағымен ерекше көзге түседі. Өте көркем бейнеленген.

Хабар 24 телеарнасы