386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алаңдауға негіз жоқ – қалалық ТЖД Алматыдағы сел қаупі жөнінде

  • 119
  • UPD: 13:57, 14.08.2019

Наурызбайдағы оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев барып, қажет жағдайда барлық шұғыл қызмет дайын тұрғанын хабарлады.

Айта кетейік, әдетте Қарғалы өзенінің сағасы секундына 20 текше метр су жіберуге мүмкіндігі бар. Биыл жазда күн ыстық болғандықтан, мұздықтар еріп, су деңгейі көтерілген. Алайда мамандар Наурызбай ауданына, ондағы тұратын халыққа төніп тұрған қауіп жоқ, деп сендірді.

Ерлан Әлібеков, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

– Ешқандай қауіп жоқ. 2015 жылы болған селдің себебі, Қарғалыдан төмен қарай өзеннің маңайы дұрыстап бекітілмеген болатын. Қазіргі кезде ол жұмыстар толығымен жасалды. Қарғалы платинасынан төмен қарай бетоннан арнайы канал салынған. Оның су өткізетін күштілігі 20 метр кубты құрайды.

Хабар 24 телеарнасы