386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық Әли Тұрғанбеков Мохаммед Салахпен кездесті

  • 188
  • UPD: 11:05, 14.08.2019
Елордалық Әли Тұрғанбеков Мохаммед Салахпен кездесті

Аяқсыз туған Әли есімді балақай Мохаммед Салах және «Ливерпульдің» өзге де жұлдыздарымен кездесті.

Жеткіншек УЕФА-ның Суперкубогі алдындағы клубтың жабық жаттығуларына қатысып, атақты аяқдопшылармен суретке түсті.

«Достарым мені УЕФА-ның 2019 жылғы Суперкубогіне шақырды. Ол жерде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының чемпиондарымен матч өткізеді. Қуанышымда шек жоқ. Өзімді керемет сезініп тұрмын. Осы мүмкіндікті сыйлаған УЕФА-ның басшылығына, УЕФА қорына және Қайрат Советайұлына алғысымды білдіргім келеді», – деп жазған Әли Тұрғанбеков өзінің Instagram парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы