386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда жылу жүйелерінің 80% тозығы жеткен

  • 124
Таразда жылу жүйелерінің 80% тозығы жеткен

Жамбыл облысы жылыту маусымына 82% дайын. Қазір өңірдегі 437 қазандықтың 11-де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлер мен бюджеттік мекемелердің қысқа әзірлігі пысықталуда. Жалпы Тараз қаласындағы жылу жүйелерінің 80 процентінің тозығы жеткен. Облыс орталығындағы 240 шақырым жылу құбырларының  25 шақырымға жуық бөлігі бүгінде қайта жаңғыртудан өткізіліп жатыр. Оған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша биыл 7 миллиардтан астам қаражат бөлінген. Осының арқасында тозған жылу жүйелерінің деңгейін 60 процентке дейін төмендету көзделіп отыр. Нәтижесінде келер жылдан бастап шаһар тұрғындары жыл он екі ай бойы ыстық сумен қамтылмақ. 

Нұрлан Алдамжаров, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

– Білім беру нысандары бүгінгі таңда 80 пайызға дайын. Жалпы кестеге сәйкес 1 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Қалған нысандар жоспарға сәйкес 1 қазанға дайын болады. Көмірмен тасымалдау бүгінгі таңда бюджеттік мекемелерге жалпы 50 пайызға жуық көмір тасымалданды. Кестеге сәйкес 1 қыркүйекке дейін толық тасымалданады.

Хабар 24 телеарнасы