386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралы ұлттық паркіндегі өрт 2,5 мың гектар аумақты қамтыды

  • 189
  • UPD: 15:54, 14.08.2019

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің аумағындағы өрт күн сайын күшейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда қызыл жалын 2500 гектар алқапты жалмаған. Оның шамамен 30 проценті орман-тоғай, - дейді облыстағы төтенше жағдай қызметінің басшысы. Айлап жаумаған жаңбыр мен аптап ыстықтың және қатты желдің салдарынан өрт өршіп, ырық бермей отыр. Қазір оқиға орнында 170 өрт сөндіруші мен 27 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ су төгу құрылғысы бар тікұшақ көмекке келген. Жалынның неден тұтанғанын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Айта кету керек, күні кеше ауданда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Ал бүгін Ұлттық Ұланға қарасты әскери бөлімнің 85 сарбазы және 7 техника жәрдемге жіберілді. 

Ибрагим Күлшімбаев, облыстық ТЖД басшысы:

– Өртті сөндіру қиындық туғызып тұр. Күннің ыстығы және қатты жел кедергі келтіруде. Кешегі күні 10-15 метр жылдамдықпен соқты. Күнде желдің бағыты ауысып тұр. Одан кейін өрт болып жатқан жерлер – таулы жерлер. Оған техника бара алмайды. Тек қана тікұшақпен және жаяу жүріп сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы