386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қаласының әкімі: Қиын жағдайда ауызбіршілік болғаны жақсы

  • 126
  • UPD: 14:52, 14.08.2019
Алматы қаласының әкімі: Қиын жағдайда ауызбіршілік болғаны жақсы inform.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сел қаупіне байланысты үн қосқан халыққа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таңертең ҚР ІІМ хабарласып, егер қиын жағдай болатын болса, халықты көшіру керек деген ой болды. 2015 жылғыдай өзен арнасынан тасып, тастар мен лайлы су ағатын болса, тазалау керек болады деп Ұзынағаштан қосымша әскери күштер шақырттық. Сарбаздар, Ұлттық ұлан сарбаздары күректерін ұстап сақадай сай тұр. Халық алаңдап жазып жатыр. Еріктілер алаңдаулы. Қандай көмек жасайық, не істейік деп жатыр. Осындай қиын жағдайда ауызбіршілік болғаны жақсы. Алматылықтар осы ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Мың да бір рахмет бәріне. Әзірге мамандар өздері атқарып жатыр», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Хабар 24 телеарнасы