386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы сел қаупі: жергілікті халық өз үйлеріне оралып жатыр

  • 143
  • UPD: 15:43, 14.08.2019

Наурызбай ауданындағы су тасқыны қаупі сейіліп, бүгін түске таман халық эвакуацияланбайды, деп хабарлады қала басшылығы.

Қазір су деңгейі төмендеді, Қарғалы өзені бойында орналасқан тұрғын үйлерге еш қауіп жоқ. Жергілікті халық өз үйлеріне оралып жатыр. Дегенмен таңертең су тасу қаупі бар, деп дабыл қағылған кезде ауданда үш эвакуация пункті дайындалып, қажетті заттар жеткізілген болатын. Алайда эвакуация қажет болмағандықтан, мектептер әдеттегі жағдайда жұмыс істеуде.

Гүлнәр Сандықбаева, қалалық 158 мектеп директоры:

– Таңертең аяқ астынан хабар алдық. Эвакуация біздің мектепке болатыны жайлы. Сағат 8-ден бері жұмыстамыз. Біздің мектебіміз қазіргі уақытта 200 адамды қабылдауға дайын. Толық мүмкіндігіміз бар. Асханамыз да 200 адамды қабылдауға, тамақ жасап беруге дайын отырдық.

Хабар 24 телеарнасы