386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында ірі өрт болды

  • 290
  • UPD: 15:23, 14.08.2019
Жамбыл облысында ірі өрт болды

Жамбыл облысы Ақкөл орман шаруашылығы Шабақты жерінде ірі өрт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан ауқымы 50 гектар қураған шөп пен сексеуіл ағаштары жанып кетті. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен үш күн бойы арпалысты. От төңірекке лезде тарап, маңайдағы бірнеше шаруа қожалыққа қауіп төндірді. Тілсіз жауды ауыздықтауға жергілікті еріктілер тобы мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Қазір өрт толықтай сөндірілген. Айта кету керек, облыста жыл басынан бері 11 дала өрті тіркеліп, 37 мың гектар жер жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша қоршаған ортаға 3 миллион теңгеден астам шығын келіп отыр.

Талас Назаров, өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі:

– Өрттің көп жануына аумақтың сусыз болуы және қатты желдің ықпалы тиді. Өрт сөндіруге жалпы 6 техника, 60 адам жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы