386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзенде марқұм саналған әйел 17 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай келеді

  • 134
  • UPD: 17:50, 14.08.2019
Жаңаөзенде марқұм саналған әйел 17 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай келеді ritual-service.kz

Жаңаөзенде 17 жылдан бері марқұм саналып келген әйел өзінің тірі екенін дәлелдей алмай әлек.

Бұл туралы ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңаөзен қалалық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әйелдің өзі 2002 жылы марқұмдар қатарына қосылғанын 2016 жылы білген. Енді сот әйелдің өтініші бойынша азаматтық іс қозғап отыр.

«Сотта Маңғыстау облысы Ақтау қалалық АХАТ бөлімінің 2002 жылғы 16 шілдедегі №782 жазбасына сәйкес, азаматша У. марқұм саналады. Сот отырысында ол өлім туралы куәлігі бар екенін 2016 жылы білгенін айтты. Содан кейін әйел бұзылған құқын қалпына келтіру үшін түрлі инстанцияларға жүгінген, бірақ нәтиже жоқ», - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Сот іс материалдарын қарап шығып, өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, Ақтау прокурорының атына 2002 жылғы 16 шілдеде қайтыс болған адамның тұлғасын анықтау үшін жеке қаулы шығарды.

Хабар 24 телеарнасы