386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасамақ

  • 96
  • UPD: 18:54, 14.08.2019
Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасамақ yujanka.kz

Семейлік жас кәсіпкер қымыздан балмұздақ жасаймын деп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Жас кәсіпкер» жобасының аясында Айдын Серікқазы қымыздан балмұздақ жасаймын деген бизнес-жобасын қорғады.

Балмұздаққа «Qaz Ice» деп ат қойған ол «ұлттық сусынды әлемдік брендке айналдырғым келеді» дейді.

«Көбіне кішкене балалар қымыз ішпейді ғой, сондықтан, осы бір бастаманы қолға алдым. Әрі табиғи таза өнім пайдалы болып табылады», - дейді жас кәсіпкер.

Тәтті жобасын сәтті қорғаған Айдын енді 550 мың теңге көлемінде грантқа ие болмақ.

Хабар 24 телеарнасы