385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы Қарабас елді мекенінде 11 отбасының далада қалу қаупі бар

  • 86
  • UPD: 20:42, 14.08.2019

Қарағанды облысына қарасты Қарабас елді мекенінде тұратын 11 отбасының далада қалу қаупі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі үйлері сүріліп, орнына басқа ғимарат салынбақ. Әскери қойманың жанында орналасқан баспананы босату туралы тілдей ескерту қағазы тұрғындарға әлдеқашан келген. Мемлекет тарапынан өтемақы төленеді. Мәселен, бір бөлмелі пәтерге 800 мың, ал үш бөлмелі пәтерге 1 миллион 700 мың теңге шамасында берілетін болады. Алайда жұрт бұл шешіммен келіспейді. Олар мұндай сомаға пәтер алу мүмкін еместігін айтады. Ал жергілікті билік өкілдері қарсы шыққан тұрғындарды сот арқылы шығаратынын мәлімдеген. Жоспар бойынша құрылыс келесі жылдың көктемінде басталады.

Қорлан Сейіткамалова, Қарабас елді мекенінің тұрғыны:

Маған беріп жатқаны 1 миллион 585 мың дейді. Содан шығын деп 58 мың ұстап қалады екен. Сонда біз қайда барып күн көреміз. 1 миллионға үйді қайдан аламыз. 2,5 миллион дейді, біз барып көрдік. Кейбірі 3 миллион сұрайды. Берген ақшалары осы, әкім түк істей алмайды. Абайға да барып келдік. Ешкім ештеңе істемейді, сонда біз алған үйімізді далаға қалдырып кетеміз ба?

Әлібек Әліпбеков, Қарабас елді мекенінің әкімі:

- Тұрғындарға хабарлама берілді және келісімшарттың жобасы жіберілді. Яғни, жоғарыда көрсетілген мүліктерді мемлекеттің мұқтаждығы үшін алынған жағдайда оған төленетін өтемақы көлемі анықталып, шарт тұрғындарға жіберілді. Қазіргі кезеңде ҚР мүлік заңына сәйкес, келісім алу шаралары жүргізіліп жатыр. Әрі қарай соның қорытындысы бойынша іс-шаралар атқарылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы