386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелде жұмыс іздеген қазақстандықтар алаяқтарға алдануда – ҚР СІМ

  • 100
  • UPD: 22:06, 14.08.2019
Шетелде жұмыс іздеген қазақстандықтар алаяқтарға алдануда – ҚР СІМ

Оңтүстік Кореядағы заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың қатары азайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарты жыл бұрын Корея Республикасында 12 мың қазақстандық тіркелсе, қазір олардың саны 9 мың. Екі ел арасындағы «жасыл дәліздің» арқасында еңбек мигранттары өз еркімен елге орала бастаған. Ведомство өкілдері қазір шетелде жұмысқа орналасқысы келетіндерді делдалдардан сақ болуға, құжатты тек заңды жолмен рәсімдеуге шақырып отыр. Себебі, интернеттегі «жұмысқа орналастырамыз» деген жарнамаға сеніп, алаяқтардың құрбаны болғандар көбейген. Бұл ретте министрлік Норвегия елін мысалға келтірді. Онда маусымдық жұмысшыларды тіркеуге қатысты талап қатаң. «Қазақстандағы өзге еуропалық мемлекеттердің елшілігінде рәсімделген Шенген визасымен Норвегияға барып, сол елдің аумағында маусымдық жұмысшы ретінде құжат тапсыруға болмайды», - дейді министрлік өкілдері.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

- Қазақстан азаматтары үшін тиісті рұқсаттар мен визаларды Норвегияның Мәскеудегі елшілігі ғана береді. Қажетті сауалнамалардың, нысандардың және құжаттарды берудің бекітілген арналарының талаптары осы дипмиссияның веб-сайтында көрсетілген. Маусымдық келісімшарт Норвегияда 6 айдан аспайтын уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, ол аяқталғаннан кейін елден кетуді талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы