386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік азамат Өскеменде үш адамды өрттен аман алып қалды

  • 100
  • UPD: 22:15, 14.08.2019
Семейлік азамат Өскеменде үш адамды өрттен аман алып қалды

Семейлік Руслан Ербалин есімді азамат Өскеменде 3 бірдей адамның өмірін ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығындағы туыстарына отбасымен бірге қонаққа келген жігіт көрші үйден шыққан түтінді байқап, бірден көмекке жүгірген. Түн ортасында отқа оранған жер үйге ойланбастан кірген Руслан құтқарушылар жеткенше терезеден екі әйел мен бір ер адамды сыртқа алып шығады. Алайда іште тағы бір ер азамат қалып қойған. Оны өрт сөндірушілер алып шыққан. Бірақ көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, 55 жастағы тұрғын көз жұмды.

Руслан Ербалин:

- Үйдің ішін көк түтін басып кеткен еді. Түк көрінбеді.Өрт алдымен сырттан шыққанға ұқсайды. Ойланып тұруға уақыт болмады. Сондықтан адамдарды шығара бастадым. Бірақ шеткі бөлмеде жатқан ер адамға жете алмай қалғаныма қапаландым. Қызыл жалын бет қаратпады.

Хабар 24 телеарнасы