386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық мергендер АРМИ-2019 ойындарында үшінші орынды иеленді

  • 94
  • UPD: 23:23, 14.08.2019
Қазақстандық мергендер АРМИ-2019 ойындарында үшінші орынды иеленді

Отан қорғаушыларымыз Армия халықаралық ойындарындағы «Мерген шебі» байқауында үшінші орын иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс үш кезеңнен тұрады. Айталық, алғашқы мергендер сайысына 21 команда қатысқан. Екінші кезеңге соның сегізі өтті. Қазақстандық жауынгерлерден бөлек бұл тізімде Ресей, Беларусь, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Въетнам және Иран өкілдері болған. Шешуші сайыста қатысушылар граната лақтыру мен атыс шебіндегі машықтарын көрсетті. Нәтижесінде бірінші орынды беларусьтар еншілесе, күміс ресейліктерге бұйырған. Үздік үштікті қазақстандық мергендер қорытындылады.

Хабар 24 телеарнасы