386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрігерлер Көкшетаудағы 19 жастағы футболшының өлімінің себебін атады

  • 165
  • UPD: 23:27, 14.08.2019
Дәрігерлер Көкшетаудағы 19 жастағы футболшының өлімінің себебін атады nokta.md

Дәрігерлер Көкшетауда 19 жастағы футболшы өлімінің себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Роман Зюзин 11 тамыз күні Көкшетау қалалық көпбейінді аурханасына өте ауыр хәлде түсті.

«Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Республикалық және облыстық деңгейдегі дәрігер мамандарды тарта отырып, кешенді түрде диагностика және емдеу шаралары қолға алынды. Өкінішке қарай, науқастың өмірін сақтау мүмкіндігі болмады. Өлімнің себебі, дәрігерге кеш жүгіну, сепсистік жағдайын нашарлатқан асқынған іріңді қабыну үрдісі», деп атап өтті Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Көкшетау қаласында жергілікті «Оқжетпес» жастар командасында ойнаған 19 жастағы футболшы көз жұмды. Осыған байланысты футбол клубының сайтында марқұмның туыстарына көңіл айтылған еді.

Хабар 24 телеарнасы