386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда мектепке дейінгі мекемелерді бейнекамерамен толық қамту көзделіп отыр

  • 114
  • UPD: 09:42, 15.08.2019

Оралда мектепке дейінгі мекемелерді толықтай бейнекамералармен қамту көзделіп отыр. Айта кетерлік жәйт, бақылау камераларын орнату мәселесі жыл сайын көтерілгенінмен нақты шешімін таппай келе жатқаны рас. Бақылау камераларының қызметі қаншалықты тиімді, баласын балабақшаға сеніп тапсырған ата-аналардың алаңсыз болуы үшін қанша  қаржы қажет болады? 

Бейнебақылау камералары әдетте балалар көп жиналатын тұстарда орнатылады. Аула аумағы, ойын залдары мен дәліздерді назардан тыс қалдыруға болмайды. Дегенмен, бүлдіршіндердің іс-қимылын барлық жерде бірдей бақылауға мүмкіндік жоқ.

Ал, балақайлардың жәбірлену деректері көп жағдайда осындай камералар көмегімен анықталып жататыны рас.

Біз барған бөбекжайдағы жұмыс барысын 13 бейнекамера бақылайды екен. «Барлық бейнежазбалар сақталады. Бұл бізге жұмыс барысында өте ыңғайлы»,- дейді тәрбиешілер.    

Майра Жұбаева, бөбекжай директоры: 

- Мысалы, кейбір ата-аналар үйінен құлап бала жарақат алып келсе де айтады: сіздің бөбекжайда құлаған сияқты, бүйткен деп. Сонда мен мысалы камерадан көрсете аламын жазбаны кері артқы числомен де мысалы.  

Бастапқыда бақылау камералары тек террорлық қауіпсіздік мақсатында ғана қойылып келді. Екі  жыл бұрын бұл мақсатқа Орал қаласы бойынша 32 миллион теңге бөлініп, игерілді.  Қазір бүлдіршіндермен тығыз жұмыс жасайтын тәрбиешілердің жұмысына бақылау орнату үшін қосымша камералар алу қажетті туындап отыр.  

Майнер Төлешева, қалалық білім беру бөлімінің маманы:

- Қала бойынша 50 мектепке дейінгі білім беру мекемесіне 625 камера қойылды. Бұл камералар нысандардың іші-сыртын бақылауға арналған. Бүгінгі таңда балабақшалардағы 415 топтың жұмысын толық бақылауға үшін 25 миллион теңге қаржы қажет болады. Өйткені ата-аналардың дені балаларын осындай камералармен қамтылған топтарға беруге тырысады. Бала болған соң түрлі жағдайлар болып тұрады. Арасында төбелесіп қалады. Сондықтан камералардың болғаны дұрыс деп есептейміз.   

Әзірге балабақша тірлігіне онлайн-бақылау жасау мүмкіндігі ата-аналар үшін қолжетімді емес. Бұл мәселемен камералар толық орнатылып болғаннан кейін айналысатын боламыз дейді мамандар.    

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы