386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында заңсыз 25 ойын залы жабылды

  • 76
  • UPD: 09:44, 15.08.2019

Маңғыстау облысында жыл басынан бері заңсыз жұмыс жасаған 25 ойын залы жабылды.

Аймақтық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері полицейлермен бірге жүргізген рейдтерде екі мыңнан астам ойын автоматтарын тәркіленіп алды. Бұдан бөлек жасырын казино кассаларында болған 4 млн теңгеге жуық қаржы мемлекет пайдасына өндірілді. Құмар ойындарды ұйымдастырған тұлғаларға қатысты 20 қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданып отыр. Қазір облыс бойынша бас-аяғы 25 букмекерлік кеңсе тіркеуде тұр. Олардың үшеуі Ақтау және Мұнайлы ауданында, қалғаны Жаңаөзенде орналасқан.

Нұрболат Абдулла,  ПД криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі:

- Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен 2019 жылдың шілде айынан бастап заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу бойынша бірлескен жоспар бар. Осыған дейін 25 букмекерлік кеңсесін жаптық. Ақтау қаласы бойынша 13-і және Мұнайлы ауданы бойынша 2 ойын залы жабылды, Жаңаөзен қаласында 10 кеңсе жабылды.

Хабар 24 телеарнасы