386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германиядағы балабақшада тәрбиешілер бөбектердің бастамасына қолдау көрсетеді

  • 50
  • UPD: 10:33, 15.08.2019

Берлинде 2 жарым мыңнан астам балабақша бар. Олардың басты міндеті - бүлдіршінді мектепке дайындау. Әр балаға жеке көңіл бөлініп, дербестікке, көпшілікпен емін-еркін байланысқа түсуге үйретеді.

Балалар ойнау, сурет салу немесе спортпен шұғылданумен бір уақытта айналыспайды. Бүлдіршіндер қандай іспен шұғылданғысы келетінін өздері таңдап алады. Ал тәрбиешілер олардың барлық бастамаларына қолдау көрсетеді. Жалпы Германияда мектепке дейінгі балаларды оқытудың ортақ бағдарламасы жоқ. Әр балабақшаның өз тұжырымдамасы бар. Мысалы, «Хеллеум» зерттеу институты бүлдіршіндермен қалай жұмыс жасау әдістемесін дайындаумен айналысады. Онда танымдық сабақтар өтеді. Сондықтан әр күн сайын «су», «қоқысты қайта өңдеу», «баламалы энергия» сынды түрлі тақырыпта шаралар ұйымдастырылады. Тәжірибе арқылы бүлдіршіндер биология, химия, физика негіздерін үйренеді.

Ольга Тайссельманн, Берлин қаласындағы зерттеу институтының директоры:

- Біз балаларға әртүрлі іспен шұғылданатын жұмыс бөлмелерін дайындап, тақырып таңдап береміз. Олардың өздері ізденгенін қалаймыз, сол бағытта күш саламыз. Мысалы, бүгінгі тақырып су. Олар оны құралдармен қарап, үлкендердің көмегінсіз түрлі тәжірибе жасап үйренеді. Бұл балаларға қатты ұнайды.

Хабар 24 телеарнасы