386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«АрМИ-2019» халықаралық ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті

  • 115
  • UPD: 12:45, 15.08.2019

Жамбыл облысындағы Отар 40-әскери базасының оқу-жаттығу алаңында халықаралық «АрМИ-2019» әскери ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Оған он елдің ең үздік әскери жасақтары қатысты.

Жалпы бұл халықаралық ойындар биыл ТМД елдерімен қатар Иран, Қытай, Үндістан және Моңғолия аумағында өтеді. Ал Қазақстанда өткізілетін ойындарға әскерилер «артиллериялық қарудың шебері», «радиобайланыс нақтылығы» және «ұшқышсыз шабуылдау» сынақтарына қатысып бабын байқатты. Бұл ойындарға Венесуэладан, Африканың Зимбабве елінен, тіпті Сирия елінен арнайы келген әскерилер де бар.

2015 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл маңызы бөлек іс-шараға Қазақстан тарапы үнемі белсенді қатысып, әскери ойындардың барлық түрлерінде біздің сарбаздар мен жауынгерлер ең жақсы нәтижелер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Хабар 24 телеарнасы