Қытайлық ұстаз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай студент болғанын айтып берді
- 843
- UPD: 11:49, 15.08.2019

ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекет басшысының студенттік шағы туралы естелік айтылатын видео жариялады.
«Бұл роликте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті», – делінген жазбада.
Қасым-Жомарт Тоқаев КСРО-дағы беделді оқу орны Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында тағылымдамадан өтіп жүрген.
Оқытушысы Лю Шицинь Тоқаевтың білімге ынтызар, белсенді әрі оқуда озат болғанын тебіреніспен еске алады. «Қасым-Жомарт әсіресе газет оқып, өз түйгенімен бөліскенді жақсы көретін. Айналасымен тез тіл табысып кететін, елгезек студент болды. Міне, сондай қасиеттері оны бүгінгідей жетістікке жеткізді», – дейді ол.