386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республикалық «Жастар керуені» Ақмола облысына барды

  • 177
  • UPD: 12:26, 15.08.2019
Республикалық «Жастар керуені» Ақмола облысына барды

Кеше ғана елордадан жолға шыққан республикалық «Жастар керуені» Ақмола облысына ат басын тіреді.

Еліміздің барлық аймақтарынан жиналған жоба қатысушылары, яғни 100 шақты блогерлар, жас кәсіпкерлер, талантты қыз-жігіттер екі күн бойы Бурабай және Зеренді курорттарын аралайды. Атап айтсақ, олар Бурабайда Бөлектаудан бастап, Оқжетпеске дейін осы өңірдің көрікті де тарихи жерлерін тамашалайды. Жалпы, аталған шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша арнайы жастар жылының аясында өткізіліп отыр. Ондағы мақсат жастар арасындағы байланысты күшейтіп, Қазақстанда ішкі туризмді дамыту. Себебі жастар қоғамның қозғаушы күші. 

Ерғазы Әбдіманат, республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі:

- Жалпы бізге ұсыныс тастаған, қатысуға ниет білдірген 1500-ге жуық адам болды. Соның ішінен 700-ге жуық адам іріктеліп алынып, қазір 700 адам жүз-жүзден 7 бағыт бойынша кетті. Жеті бағыттың ішінде ол, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Түркістан облысы, одан кейін Павлодар облысы және де Шығыс Қазақстан облысы бар.

Әлібек Мұратбаев, жоба қатысушысы /Жамбыл облысы/:

- Менің өзімнің осы «Жастар керуені» жобасы аясында жаңа достар табу, Қазақстанның керемет жерлерін, табиғатын тамашалау. Және де осы бүкіл жүрген жерлерімнің барлығын оны әлеуметтік желілерге, стористерге, барлық посттарға салып жүріп, басқа менің достарыма оның барлығын көрсетіп, Қазақстанның туризмін дамыту арқылы осындай тамаша жерлерді көрсеткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы